freim_logo
Қазақша нұсқа
Орысша нұсқа
Басып шығару Google+

icon vopros_akimu

opros

opros

 

       Праздники Казахстана

   

«termincom.kz»
«tilalemi.kz»
«sozdikqor.kz»
«emle.kz»
«atau.kz»
«balatili.kz»
«tilqural.kz»


Негiзгi
 > Әкiмдiк  > Бөлiмдер  > Ішкі саясат бөлімі
Бүгiн:

"Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі "


 

Бөлiм басшысы

Мұсағитов Сағынай Амангелдіұлы

Өмірбаян

   Мұсағитов Сағынай Амангелдіұлы - 1992 жылы 04 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында дүниеге келген. 2015 жылы Алматы Экономика және статистика Академиясын бітіріп, еңбек жолын 2015 жылы «Қапшағай қаласылың кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы лауазымынан бастаған. 2016 жылдан 2018 жылға дейін «Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы лауазымын атқарды.

   Қапшағай қаласы әкімінің өкімімен 2018 жылғы 20 тамыздан бастап «Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды. Отбасылы, 1 баласы бар.

 

Мемлекеттік қызметшінің 2019 жылғы декларациясы

 

2019 жылғы табысы – 2 562 038 теңге

Ұсталған салық сомасы – 151 479 теңге

 

Жылжымайтын мүліктер тіркелмеген.

 


Деректемелер

"Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Мекен-жайы: Алматы облысы, 040800: Қапшағай қаласы , Жамбыл көшесi ,13

Телефондары: 8 (72772) 7-95-39, 4-77-57

Электрондық мекен-жай: ovp@kapshagay.gov.kz


Демалыс Жұмыс уақыты Үзіліс уақыты Демалыс
Дүйсенбі - Жұмa 9.00-18.30

с 13.00 до 14.30

Сенбі - Жексенбі


Лауазымы Аты-жөні Телефон Ішкі. тел
Бөлім басшысы Мұсағитов Сағынай Амангелдіұлы 7-95-39 -
Бас маман Сунатиллаев Ділмұрат Сайфуллаұлы 4-77-57 218


БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА

Бөлімнің Ережесі

 

"Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) ішкі саясат саласында мемлекеттік бағдарламаларды заңдарда ескерілген шекте іс жүзіне асыратын мемлекеттік орган болып табылады. 

Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, облыс және қала әкімдерінің шешімдеріне, басқа да нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады
.

Бөлімнің негізгі міндеттері


Бөлімнің негізгі міндеттері болып табылатындар:

  • Қоғамда демократиялық институттардың нығаюына қатысу және «Қазақстан – 2030» даму Стратегиясының, Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауларының негізгі басымдықтарын насихаттау.
  • Мемлекеттік ішкі саясатты және қоғамдық саяси салалар мәселелері туралы Қазақстан Республикасы заңдарын насихаттау мен түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіру.
  • Аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған әлеуметтанушылық және саясаттану зерттеулерін жүргізу.
  • Аймақата жүріп жатқан қоғамдық-саяси процесстер мен олардың даму тенденцияларын жан-жақты және нақты зерттеу, зерделеу және талдау.
  • Аймақтық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік тапсырысты жүзеге асырыу, оны өткізу жөнінде аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру.
  • Үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіру.
  • Этносаралық қатынасты үйлестіру, ұлтаралық бірлікті нығайту, қоғамды біріктіру, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және насихаттау.
  • Қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге үкіметтік емес ұйымдарды тарту.
  • Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру. Саяси партиялардың, қоғамдық-саяси қозғалыстардың, діни бірлестіктердің қызметіне мониторинг ұйымдастыру.
  • Ішкі саясат аумағында концептуальды негіздер мен практикалық ұсыныстарды, сондай-ақ азаматтық бірізділікті қалыптастыру негізінде қоғамды біріктіру, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдылықтары жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
  • Қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен және діни ұйымдармен, кәсіподақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өзара іскер байланыс орнату.
  • этно-мәдени бірлестіктермен байланысты орнықтыру.
  • қала тұрғындарының бойында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрмет тұтуды қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттауда әкімшілік-аумақтық бірлігіне сәйкес қалыптастыруға ұсыныстар мен нұсқаулықтар дайындау


Mіндеттер
Бөлім басшысы

1. Бөлім бастығы бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, сонымен қатар бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы және функциялардың жүзеге асырылуы үшін жауапкершілікте болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жұмыс ұйымдастырады және ол үшін дербес жауап береді. Бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттігін белгілейді. Заңдарға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады. Барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдардың алдында бөлімнің мүддесін өкіл етеді. Бөлімнің жұмыс жоспарын бекітеді. Қалалық қаржы бөлімімен келісе отырып, Бөлімнің қаржы жоспарын бекітеді.

2. Негізгі функционалдық міндеттері: ішкі саясат саласындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары мен Жарлықтарын, ішкі саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихат топтары үшін әдістемелік материалдар шығару.
3. Бақылаушы функциялары: Қазақстан Республикасы Президентінің және Премьер -Министрінің, Президент әкімшілігінің және Премьер -Министр Кеңсесінің тапсырмаларын, Үкімет қаулыларын, Президент және Премьер -Министр, министірліктер мен ведомстволардың, облыс және қала әкімі және оның орынбасарларының өкімдерін, бөлімнің құзырына жататын мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралардың орындалуына бақылауды ұйымдастыру.
4. Үйлестіруші функциялары: ішкі саясат бөлімінің қызметіне жалпы басшылық жасау және үйлестіруді жүзеге асыру.

Бөлімнің бас маманы

1. Негізгі функционалдық міндеттері:
ҮЕҰ, саяси партиялар мен қозғалыстар, діни бірлестіктермен байланыс орнату, олардың қызметін үйлестіру. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру. Бөлімнің құзырына жататын сұрақтарға саралау және талдау жүргізу. Жоғары органдарға және қала әкімі атына хабарлама, әкімнің өкімдері мен шешімдері жобаларын дайындау. 

2. Бақылаушы функциялары: ішкі саяси сұрақтар бойынша мемлекеттік ақпараттық саясаттың, ақпараттық-насихат топтардың жұмыс тәртібі және бөлімнің құзырына жататын басқа да сұрақтардың орындалуын ұйымдастыру.

3. Діни, қоғамдық бірлестіктердің, ҮЕҰ, саяси партиялар мен қозғалыстардың жұмыс тәртібін үйлестіру. Өңірлік ҮЕҰ-ға тәжрибелік, әдістемелік, кеңестік, ақпараттық қолдау көрсету. Қызметтері бөлімнің құзырына жататын органдар жұмысына бағыт-бағдар беру.

Бөлімнің бас маманы

1. Негізгі функционалдық міндеттері:

ақпараттық-насихат топтарының қызметін үйлестіру, оларға тәжрибелік, әдістемелік, кеңестік, ақпараттық қолдау көрсету.Ішкі саяси сұрақтарды сапалы түсіндіруге байланысты мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру және әдістемелік материалдарды дайындау. Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнату. Жоғары органдарға және қала әкімі атына хабарлама, әкімнің өкімдері мен шешімдері жобаларын дайындау. 

2. Бақылаушы функциялары: ішкі саяси сұрақтар бойынша мемлекеттік ақпараттық саясаттың, ақпараттық-насихат топтар
ының жұмыс тәртібі және бөлімнің құзырына жататын басқа да сұрақтардың орындалуын ұйымдастыру. 

3. Үйлестіруші функциялары:
Ақпараттық-насихат
топтарының, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыс тәртібін үйлестіру. Ақпараттық-насихат топтарына ұйымдастырушы-тәжірибелік, әдістемелік, кеңестік, ақпараттық қолдау көрсету. Қызметтері бөлімнің құзырына жататын органдар жұмысына бағыт-бағдар беру

Міндетері Функциялары
Міндетері: Функциялары:
1.Қоғамда демократиялық институттардың нығаюына қатысу, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі басымдықтарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларын түсіндіру және насихаттау; Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметі актілерінің, Президент Әкімшілігі тапсырмаларының, облыс әкімі мен қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімдігі мен қала әкімдігінің қаулыларының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
2. Мемлекеттік ішкі саясатты, қоғамдық саяси салалар мәселелері туралы Қазақстан Республикасы заңдарын насихаттау мен түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіру; саяси және стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз ету, ішкі саясат сұрақтары бойынша мемлекеттік органдар жұмысын, іс-әрекетін үйлестіруде бірыңғай жоспар әзірлеу;
3.Қаладағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған әлеуметтік және саяси зерттеулерді жүргізу; діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың қызметі мен қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізе отырып, қала тұрғындарының қоғамдық пікірін зерделеу;
4. Қаладағы қоғамдық-саяси процесстер мен олардың даму үрдісін, азаматтардың электоралдық көңіл-күйін, мемлекеттік органдардың жұмыс барысын жан-жақты және нақты зерделеу, зерттеу және талдау; саяси партиялар, қоғамдық-саяси, діни бірлестіктер қызметі туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындау;
5. Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тапсырысты орындау қызметін үйлестіру; ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамның бірігуі мен дінаралық тұтастықты қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру;
6. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестікті қалыптастыру; мемлекеттік органдардың ақпараттық-түсіндіру жұмысының жоспарларын үйлестіру және ұйымдастыру;
7. Этникалық қарым-қатынасты орнықтыру, ұлтаралық бірлікті нығайту, қоғамды біріктіру, қазақстандық патриотизмді насихаттау мен қалыптастыру; бұқаралық ақпарат құралдарымен мақсатты шараларды дайындап өткізу, өзара әрекеттестікті үйлестіру және ұйымдастыру;/td>
8. Үкіметтік емес ұйымдарды қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге тарту; «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру-насихаттау жұмыстары бойынша ақпараттық-насихат топтарының қызметін үйлестіру;
9. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру; үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестікті Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асыру;
10. Саяси партиялар, қоғамдық-саяси қозғалыстар, діни бірлестіктер қызметіне мониторинг жүргізу; жергілікті үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, әдістемелік, кеңестік, ұйымдастыру, іс-тәжірибелік қолдау көрсету;
11. Ішкі саясат аясындағы тұжырымдамалық негіздер мен практикалық ұсыныстарды, сондай-ақ азаматтық бірізділікті қалыптастыру негізінде қоғамды біріктіру, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтары жөнінде ұсыныстар жасау; ішкі саяси ахуалға, партиялық құрылымға, әлеуметтік процестерге болжам жасау және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін сараптау;
12.Қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіподақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық өкілдермен өзара әрекеттестік байланысты орнықтыру саяси партиялармен, діни бірлестіктермен, қоғамдық-саяси қозғалыстармен өзара әрекеттестік проблемалары жөнінде «дөңгелек үстелдер», семинар-тренингтер, ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
13. Этномәдени орталықтармен байланысты орнықтыру; мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша шараларды жүргізу;
14. Қала тұрғындарының бойында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрмет тұтуды қалыптастыру; этномәдени бірлестіктерінің қызметін үйлестіру;
15. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттауда әкімшілік-аумақтық бірлігіне сәйкес қалыптастыруға ұсыныстар мен нұсқаулықтар дайындау; Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығына ақпараттық-ұйымдастырушылық көмек көрсету;
16. қала әкімінің қызметін ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету;
17. қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық шараларды идеологиялық қамтамасыз ету;
18. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің қолданылуы мен насихатталуына, тұрғындардың бойында мемлекеттік рәміздерді құрмет тұтуды қалыптастыруға қатысу;
19. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттауға әдістемелік көмек көрсету;
20. мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуы туралы ақпараттар жиынтығын сараптауды жүзеге асыру, жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу;
21. мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуы бойынша қала аумағында жалпыхалықтық акциялар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер», кеңестер ұйымдастыру және өткізу;
22. бөлімнің құзырындағы сұрақтар бойынша мемлекеттік және басқа нысандағы мекемелермен хат-хабар алмасу;
23. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асыру;
Құқықтары мен міндеттері:
мемлекеттік органдардың иелігіндегі мәліметтердің ақпараттық жинағын қолдану;
бөлімнің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарымен қызмет бабында хат алмасу;
қала әкімінің тапсыруымен шешімдер мен өкімдердің жобаларын дайындау;
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс және қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс және қала әкімдерінің қаулылырының орындалуын тексеру.

 

Бөлімнің қызметін анықтайтын заңдар тізімі

  1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР заңы (www.akorda.kz)
  2. «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңы
  3. «Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы» ҚР заңы (.doc 104 KB)
  4. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңы (.doc 104 KB)
  5. «Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР заңы (.doc 104 KB)
  6.   Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік концепциясы (www.akorda.kz)

Жасалған жұмыстар туралы ақпарат



Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы

      Тәуелсіздік жылдары ел өмірінің ең қиын да күрделі кезеңдерінде мен кез келген мәселені қадірменді отандастарыммен бірге бүкпесіз, ашық талқыға салып, туған халқыммен үнемі ой бөлісіп келемін. Бүгінгідей бүкіл әлем алаң күй кешіп, ұлт саулығы сынға түскен қазіргі сәтте де баршаны сабырға, байсалдылыққа шақырып, тағы да жұртыма ақ тілеулі сөзімді арнағалы отырмын. >>>

 



Құрметті отандастар!

      Қазір бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған күрделі жағдаймен бетпе-бет келіп отыр. Коронавирус індеті дүние жүзін жайлап барады. Бүгінде 177 мемлекетте 800 мыңға жуық адам осы дертке шалдықты. Оны жұқтырғандар саны күннен-күнге артуда. Біз төтенше жағдай жариялап, Қазақстанда вирустың жаппай таралуына жол бермедік. Соның арқасында ахуалды бақылауда ұстап отырмыз. >>>

 


Алматы облысының аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің «ҚР төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына сәйкес шектеу шараларын күшейту туралы

      Облыс аумағында коронавирус инфекциясының енуінің және таралуының алдын алу үшін, сондай – ақ Алматы облысы азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V Қазақстан Республикасының «Азаматтарды қорғау туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 >>>

 


Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы

      Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың 16 наурызынан 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін ҚР барлық аумағында жаңа короновирус бойынша төтенше жағдай енгізілді.  >>>

 


Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы

      Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16) тармақшасына және «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: >>>

 


Электронды түрде тіркелу саны артуда

      Мекенжай бойынша әр төртінші тіркеу egov.kz арқылы жүргізілген Қазақстандықтар мекенжай бойынша тұрақты тіркеуге тұру үшін ХҚО-ның онлайн баламасы – egov.kz таңдай бастады. Былтырғы көрсеткіштерді есепке алатын болсақ, ХҚО арқылы 1,5 млн адам, онлайн түрде 479 мың адам тіркеу рәсімін жүзеге асырған, сәйкесінше әр төртінші азамат тұрғылықты тіркеу рәсімін электронды түрде >>>

 


«Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-сі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында келесі бағыттар бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізетінін хабарлайды

      Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы аясында іс-шара өткізу. Қатысушылардың құрамы және іс-шара бағдарламасы тапсырыс берушімен келісіледі. Ұйымдастырушы тарапынан кәсіпқой лекторларды, реквизиттерді және сценарийді дайындауға міндетті. Жоба бойынша мәлімет бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кеңінен таралуы тиіс. Жоба шеңберіндегі барлық >>>

 


Алматы облысында үш ауысымды мектептер саны азаяды

      Аймақтағы барша әкімдердің есебі аяқталғанан кейін, жылдағы дәстүр бойынша өңір басшысы Амандық Ғаббасұлы халық алдында есеп берді. Облыстың әл-ауқатының көрсеткіштеріне тоқталға >>>

 


"Тайсон фудс" етті өңдейтін ірі зауыты іске қосылады

      Алматы облысы ауылшаруашылығы қарқынды дамыған өңірлердің алдыңғы қатарында тұр. Облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 852 млрд. теңгеге жетіп, 3,4 пайызға өсті деп өңір басшысы жиын барысында айтып өтті. >>>

 


ҮЕҰ ӨКІЛДЕРІНЕ ХАБАРЛАМА!!!

     «Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-сі 2020 жылғы 31 наурызға дейін ҮЕҰ дерекқорына кезекті есепті кезең өтетінін хабарлайды. 2018 жылғы 13 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша >>>

 



Қапшағайда кәсіпкер-меценаттар тарапынан тұрғын үйге кезекте тұрғандарға 30 пәтер сатып алынды

     Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталов қала тұрғындарына 30 пәтер алуға сертификаттар табыстады. Сертификаттар кезекте тұрған көпбалалы аналарға, жетім балалар мен 1,2 топтағы мүгедектерге берілді. Аталған пәтерлер «7-20-25» >>>

 


«Tarihi Jol»:Туризмнің заманауи жаңғыруы

     Алматы облысында тарихи маңызы бар мекендер мен ескерткіштерді цифрландыру мақсатында жасалған «Tarihi Jol» атты мабильдік қосымшасы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында таныстырылды. Бұған дейін Алматы облысында «Tarihi Jol» -Қазақстан тарихын жандандыру жобасы»тақырыбында презентация ұсынылған болатын. >>>

 


«Zhas Project» бизнестің бастау

     Жастар корпусын дамыту жобасы 2017 жылдан бастап ел аумақтарында жүзеге асырылып келе жатыр. Бұл –жастарға арналған бірегей бағдарлама. Бұл-Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР >>>

 


Алматы облысында "Darmen"тегін мобильді қосымшасы іске қосылды

     Алматы облысында тегін "Darmen" мобильді қосымшасы іске қосылды, оның жобасын Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Алматы қаласының Даму орталығымен және Smart Almaty тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде "I2NIK" ЖШС қазақстандық әзірлеуші компаниясымен бірлесіп іске асырды. >>>

 


Әлеуметтік мәртебені қалай білуге болады?

     Келесі жылдан бастап енгізілетін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болу үшін азаматтар арнайы әлеуметтік мәртебе санатына жататынын тексеруі керек. Egov.kz порталына ЭЦҚ-мен кіріп, «Әлеуметтік мәртебені тексеру» қызметін таңдап, шыққан жолаққа ЖСН енгізу қажет. >>>

 



ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҮНДЕУ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

     Сотпен тыйым салынған экстремистік деп танылған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» ұйыммен заңсыз наразылық акцияларын өткізуге және оған шақыру тартылуда. Мұндай әрекеттерге заңмен тыйым салынған, сондықтан, құқық қорғау органдары заң бұзушыларға заңмен белгіленген тәртіпте ден қойып, қатаң шаралар қолданатын болады. >>>

 


Қапшағай өңірінде күзгі жиын-терім науқаны жоғары деңгейде өтуде

     «Еңбегіне қарай өнбегі» демекші өңірдің шаруалары күзгі жиын-терім науқанын бастап кетті. Шаруалар көктемнің ерте кешінен қамдалып, жаз бойына күтіп-бапталған өнімдерінен мол өнім аламыз деген үмітте. >>>

 



«100 жаңа есім» жобасына кім қатыса алады?

      Жобаға қатысу критерилері: ✅1. 39 жасқа толмаған азамат болуы керек; ✅2. Нақты бір саладағы жетістіктері болуы тиіс; ✅3. Үміткер Қазақстан азаматы болуы тиіс. >>>

 



Мекенжай анықтамасын алып тастау бойынша

     Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді және мемлекеттік қызметтер реестрінен алынып тасталатын болады. Яғни, еш мемлекеттік орган, мектеп не медициналық мекеме азаматтардан мекенжай анықтамасын 1 қарашадан бастап сұрата алмайды. Оны «Азаматтарға арналған үкіметтің» филиалдарынан да, электронды үкімет порталынан да алу мүмкіндігі болмайды. >>>

 


Қапшағайда көпбалалы отбасыларға пәтерлер берілді

      Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан Халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында және Қапшағай қаласына 49 жыл толу мерекесіне орай, 2019 жылғы 19 қыркүйек күні көпбалалы 15 отбасы баспаналы болды. Олардың ішінде Шеңгелді ауылдық округінде 3 үй, Заречный ауылдық округінде 1 пәтер және 1 үй, >>>

 


 

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

      Әлеуметтік желілерде тыйым салынған және сотпен экстремисттік деп танылған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» ұйыммен 2019 жылғы 21 қыркүйекте заңсыз наразылық акцияларын өткізуге және оған қатысуға шақыру таратылуда. Деструктивті күштер әлеуметтік қолдау шаралары, мемлекетаралық қатынастар туралы жалған ақпарат тарата отырып, халықты адастырып тәртіпсіздіктерді, әлеуметтік және ұлттық араздықты тудыру арқылы қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. >>>

 


Қапшағай қаласында жаңа қоғамдық көліктер іске қосылды

   Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде халықты әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың тұрмыс сапасын арттыру бойынша берілген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Қапшағай ...

 


Құрметті қапшағайлықтар мен қала қонақтары!

Баршаңызды Шуақты қала – Қапшағай шаһарына 49 жыл толу мерекесіне орай, 21 қыркүйек күні қалалық алаңда өткізілетін мерекелік шараларды тамашалауға шақырамыз. ...

 


Алматы облысында қуаттылығы 100 МВт болатын күн электр стансасы іске қосылды

Алматы облысының Қапшағай қаласында «Eneverse Kunkuat» ЖШС-ның «Nurǵısa 100 МВт Solar Park Qapshaǵaı» күн электр стансасының 100 мегаваттық 1-ші кезегі іске қосылды. Жаңа нысанның ашылу салтанатына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек пен Алматы ...

 


ЕКІ АЙ БҰРЫН АНАСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН 6 БҮЛДІРШІНДЕР ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

      Елімізде жомарт жандар аз емес. Алматы облысы Еңбекшіқаақ ауданы, Түрген ауылында осыдан 2 ай бұрын анасынан айырылған 6 бүлдіршіннің жан-айқайына бей-жай қарамаған Республикамыздың жомарт жандардың бірі Эльмира Ешниязованың бастамасымен, қайырымды жандардың қолдауымен, Жумадилов Мурат ағаның отбасына күні кеше ғана Жаңашар ауылдық округінде 5 бөлмелі үйді сыйға тартты. >>>

 


Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2019 жылғы 1 шілдеден бастап ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайды.

     Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2019 жылғы 1 шілдеден бастап ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайды. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беруге келесі бағыттар бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды: 1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу >>>

 


Құрметті Қапшағай қаласының тұрғындары!

     «Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-сі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында келесі бағыттар бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізетінін хабарлайды: >>>

 


 

Құрметті Қапшағай қаласының тұрғындары!

2019 жылғы 15 ақпан күні қалалық прокуратурасының ғимаратында (Степная көшесі, 6 үй) сағат 16:00 ден 18:00 дейін Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары Марат Серікұлы Тойжанмен табиғат қорғау заңнамаларын орындау мәселелері бойынша азаматтардың жеке қалдауы өткізіледі. >>>

 


 

Құрметті Қапшағай қаласының тұрғындары!

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 05 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асырумақсатында Қапшағай қаласының әкімдігі коммуналдық қызметтерге тарифтерді төмендету бойынша тиісті жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде келесі коммуналдық төлемдердің құны төмендеді

 


ҚР ҚДМ үкіметтік емес ұйымдарды ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді тапсыру туралы хабардар етеді

ҚР Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына мәліметтерді ұсынудыңкезекті есеп кезеңінің өтуі туралы хабарлайды. Ағымдағы жылы 31 наурыз жексенбіге түскеніне байланысты ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі 2019 жылғы 1 сәуірде аяқталады (ҚР Азаматтық кодексінің 175-бабына сәйкес егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе, содан кейінгі ең таяу жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып саналады)

 


КЕСТЕСІ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департаменті және Оңтүстік аймағы бойынша ауданаралық басқармасы басшылығымен азаматтарды қабылдау КЕСТЕСІ

 


«Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылда атқарылған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Қалалық ішкі саясат бөлімі жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес, өз жұмысын атқаруда. Аталған жоспарда ішкі саясат саласының негізгі бағыттары қамтылған. БЮДЖЕТ: 2018 жылы қалалық ішкі саясат бөліміне 22505,0 мың теңге бөлінді. 10379,0 мың теңгесі жергілікті мемлекеттік саясатты жүргізу қызметіне, оның ішінде 6179,0 мың теңге бөлімнің ұстауына, 3000,0 мың теңге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа (1500,0 мың теңгеге «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» ЖҚБ ұтып алды, 3 шара өткізді)....

 


Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

2018 жылдың 14 желтоқсан күні қалалық мәдениет үйінде 16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты іс-шаралар өткізіледі. Басталуы сағат 16.00-де.

                               

/ 11:01 05 желтоқсан 2018 ж./

Қапшағай қаласында «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы анықтама

Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес. Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға...

 


Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы

Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес. Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға...

 


КЕСТЕСІ

Қала әкімінің халықпен жыл соңында болатын есепті кездесулері алдында «Нұрлы өлке» газеті редакциясында қалалық мекемелер және қала әкімдігінің тиісті бөлімдері басшыларының өңір тұрғындарымен «Тікелей байланыс» өткізу күндерінің КЕСТЕСІ...

 


«Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Қалалық ішкі саясат бөлімі жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес, өз жұмысын атқаруда. Аталған жоспарда ішкі саясат саласының негізгі бағыттары қамтылған. Жылдың басынан бүгінгі күнге дейін Қапшағай қаласында қоғамдық-саяси ахуалының тұрақтылығына пайдасын әкелетін 200-ден астам мәдени, спорт, қайырымдылық іс-шаралары өткізілген. 2018 жылы қалалық ішкі саясат бөліміне 22505,0 мың теңге бөлінді. 10379,0 мың теңгесі жергілікті мемлекеттік саясатты жүргізу қызметіне, оның ішінде...

 


Жақиянова Алтыншаштың шығармашылық өмір жолы

Жақиянова Алтыншаш 1959 жылы 30 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданында дүниеге келді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетін, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының филология факультетін бітірген. Семей облысының Ақсуат ауданында «Ақсуат арайы» газетінде әдебиет және мәдениет бөлімінде әдеби қызметкер боп істеді....

 


Мешіт құрылысы

Қапшағай қаласында жаңа мешіт салынуда. 2 қабаттан тұратын 600 орынға арналған алла үйін тұрғызуға «Аламан» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі демеушілік көрсетуде. Мешіттің екінші қабаты әйел азаматтарының намаз оқуына лайықталған. Жалпы, қаладағы мешіт қапшағайлықтар үшін таршылық етеді. Мұнда келушілер қатары барған сайын артып келеді. Олардың арасында әсересе, жастар саны көп. Сондықтан, мешітке сыймаған жамағат намазды...

 


Сайтта орналастыру үшін хабарландыру

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 2018 жылғы 1 шілдеден бастап ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайды. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға ...

 


Құрметті қапшағайлықтар мен қала қонақтары!

Совет әскерінің 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңісіне 73 жыл толу құрметіне орай Сіздерді біздің «Жаужүрек полк» құрамына шақырамыз! Өздеріңіздің 1941-1945 жж. соғыс ардагерлері (әскери және флот ардагерлері, партизан, қарсы тұру жауынгері, тыл еңбеккері, концлагерь тұтқыны) болған ...

 


Лизинг берушілер, ломбардтар, риэлторларға және бағалы металдар мен асыл тастар, олардан жасалған зергерлік бұйымдардың дилерге мәлімет үшін

 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет), Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы Заң) 3-бабының 1-тармағы 13)-16)-тармақшаларына сәйкес, лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар

 


Үкіметтік емес ұйымдардың назарына!

 2017 жылғы 1 наурыздан бастап «ҮЕҰ Дерекқоры» ақпараттық ресурсы (infonpo.kz) жұмысын бастады. Аталмыш ақпараттық ресурс арқылы ҮЕҰ-ның өкілдері «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес ҮЕҰ Дерекқорына енгізу

 


читать   Ағымдағы жылдың 29 күні әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру мақсатында қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Жетісу жастарының конгрессі» ЖҚБ-і мен «Қалалық жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен >>

/11:00 30 Қазан 2016 ж./   


читать   Қапшағай қаласының әкімі Н.А.Таубаевтың «Қапшағай қаласының 2013 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2014 жылға арналған міндеттері туралы» халық алдындағы есебінің тезистері >>

/10:01 27 Қаңтар 2014 ж./   


читать    Президенттік «Ғажайыпқа толы жаңа жыл» атты шыршысы мерекесі>>

/10:03 06 Қаңтар 2014 ж./   


ж.


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары
ҚР Рәмiздерi
Азаматтық бюджет
Қалалық қызметтер
icon Бұқаралық ақпараттар құралдары үшiн ақпарат
Қаланың кәсiпорындары

 

akorda

Astana20




«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына енгізілген өзгерістер



Кәсіпкерлердің назарына!

ҚР-да жарияланған төтенше жағдайға байланысты (Алматы облысы аумағында) «Бизнестің жол картасы -2025» бағдарламасы шеңберінде гранттық қаржыландыруға құжаттарды қабылдау белгісіз мерзімге ауыстырылғанын ақпарат ретінде хабарлаймыз.

/ 18.03.2020/

Құрметті қапшағайлықтар!

«Қапшағай қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (БСН: 111240022022, Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, № 13) таратылуы туралы хабарлайды. Шағымдар хабарлама жарияланған күннен бастап екі ай ішінде Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, № 13 мекен-жайы бойынша қабылданады. Тел: 8 (72772) 4-23-15;

/ 17.03.2020/

Қапшағай қаласында азаматтарды қабылдау туралы

2020 жылдың 6 наурызында (сағ.10.00-ден 12.00-ге дейін) Қапшағай қалалық прокуратурасының ғимаратында (Қапшағай қаласы, Степная көшесі, 6) Алматы облысы прокурорының орынбасары Е.М.Сыбанқұлов азаматтарға қабылдау жүргізеді.
Жеке қабылдауға 8 (72772) 4-64-55, 4-22-08 байланыс телефондары арқылы алдын-ала жазылу жүргізіледі.

/ 04.03.2020/

Азаматтарды қабылдау туралы

2020 жылдың 6 наурызында (сағ.15.00-ден 17.00-ге дейін) Мекемелерде қылмыстық жазалардың орындалу заңдылығын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратурасының ғимаратында (Қапшағай қаласы, Степная көшесі,6) Алматы облысы прокурорының орынбасары Е.М.Сыбанқұлов азаматтарға қабылдау жүргізеді.
Жеке қабылдауға 8 (72772) 4-17-01 байланыс телефон арқылы алдын-ала жазылу жүргізіледі.

/ 04.03.2020/

Құрметті қапшағайлықтар!

Қапшағай ҚПБ ЖПҚБ УПИ 2020 жылдың 1-ші тоқсанында халық алдында есеп беру кестесі

/ 14.02.2020/

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

2020 жылы 21 қаңтарда сағат 10.00-ден Қапшағай қаласының әкімі Т.Қ.Қайнарбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді.
Азаматтарды қабылдау Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, 13-үй мекенжайы бойынша қалалық әкімдіктің ғимаратында (шағын зал, 2-қабат) өткізіледі.
Қабылдауға алдын ала жазылу 8 /72772/ 4-22-89 телефоны бойынша 2020 жылғы 20 қаңтар күні сағат 12-00 дейін жүргізіледі.
«Қапшағай қаласы әкімінің аппараты» ММ


2020 жылы 21 қаңтарда сағат 10.00-ден Шенгелді ауылдық округі әкімі С.Ж. Ченкебаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді.
Азаматтарды қабылдау Шеңгелді ауылы, Сейфуллина көшесі, 34-үй мекенжайы бойынша ауылдық округ әкімдігінің ғимаратында өткізіледі.
Қабылдауға алдын ала жазылу 8 /72772/ 7-13-02 телефоны бойынша жүргізіледі.
«Шенгелді ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ


2020 жылы 21 қаңтарда сағат 10.00-ден Заречный ауылдық округі әкімі Б.Ф. Дүйсенбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді.
Азаматтарды қабылдау Заречный ауылы, шағынаудан, 3Б-үй мекенжайы әкімдік ғимаратында (шағын зал, 2-қабат) өткізіледі.
Қабылдауға алдын ала жазылу 8 /72772/ 3-51-80 телефоны бойынша жүргізіледі.
«Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

/13.01.2020/

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

2019 жылдың 14 желтоқсан күні қалалық мәдениет үйінде 16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты іс-шаралар өткізіледі. Басталуы сағат 10.00-де.

/11.12.2019/

Қоғамдық тыңдау күнін ауыстыру туралы хабарландыру

Қоғамдық кеңестің тыңдау күнін ауыстыруға байланысты "Әкімшілік кедергілерді жою" тақырыбында қоғамдық тыңдау 2019 жылғы желтоқсан айының 12 жұлдызында өткізілмейді. Қоғамдық тыңдаудың өткізілетін күні мен орны туралы қосымша хабарлаймыз.

/ 11.12.2019/

Құрметті қапшағайлықтар!

Қала әкімдігі кіші және орта бизнес, әкімшілік-тұрмыстық, әлеуметтік ғимараттар және тұрғын үй объектілері арасында ең үздік мерекелік безендіруге конкурс жариялайды. Конкурс мерзімі – 2019 жылғы 1 желтоқсан мен 28 желтоқсан аралығында өтеді. Ең үздік безендіру объектісі Жаңа Жыл мерекесі қарсаңында арнайы марапатталады. Жеңімпаз 2019 жылғы 25 желтоқсанға дейін комиссия шешімімен анықталады. Қосымша сұрақтармен 8 (72772) 4-21-21 телефоны арқылы хабарласыңыздар.

/ 04.12.2019/

Азаматтарға мәлімет үшін

Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін Қапшағай қаласы, Қонаев көшесі, 13 мекенжайы бойынша "NurOtan" партиясының Қапшағай филиалы ғимаратында Халықаралық Адам құқықтары күні қарсаңында Қазақстанның Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросының заңгерлері Қапшағай қаласында акцияларға тілек білдірген барлық азаматтарға алғашқы көмек көрсету бойынша көшпелі акция ұйымдастыруды жоспарлап отыр . Көптеген азаматтар заңгерлерге ақылы көмек көрсетуге мүмкіндігі жоқ және осы акцияның арқасында біздің облыс тұрғындары осындай мүмкіндік алады.

/ 04.12.2019/

БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты Заречный елді мекенінде орналасқан ЛА-155/14 түзеу мекемесінде 2019 жылдың 14 қазанында Қапшағай қалалық пробация қызметінің қызметкерлерімен

/ 22.10.2019/

 

Барлық хабарландырулар>>

Қапшағай қаласының әкiмшiлiгi, 040800
Барлық құқықтар қорғалған © 2007-2020


Сайтты кұру және қолдау -
Ақпаратты пайдаланған кезде сайтқа сiлтеме жасау мiндеттi тұрде