Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласында «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы анықтама

Главная


 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын, кең байтақ еліміздің әр өңірлеріндегідей Қапшағайлықтарда зор ықыласпен қабылдап, оны жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар атқаруда.
Аталған бағдарламалық мақаласының аясында жылдың басынан бастап жоспарланған 36 жобадан 31 жүзеге асты, жұмсалған сомма 226,85 млн. теңгені құрады («Атамекен» кіші бағдарламасы аясындағы 5 жоба келесі жылға ауыспалы). Сонымен қатар, 255 іс-шара ұйымдастырылып, 47 000 астам адам қамтылды.
Қаланың көшелеріне және құрылыстары жүргізіліп жатқан нысандардың аумағына 15 билборд орналастырылды. Жергілікті «Нұрлы өлке» газетінің беттерінде 25 мақала, қала әкімдігінің және мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік желілердегі парақшаларында 279 материал жарияланды. 
Әлеуметтік желілер және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілген ақпаратпен 35 500 оқырман  қамтылды.
«Атамекен» кіші бағдарламасы аясында белгіленген 14 жобаның 5-і орындалған жоқ, жүзеге асқан 9 жобаға тартылған қаржы соммасы 194,9 млн. теңгені құрады.
«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша бекітілген 15 жобаның 15 жүзеге асырылды. Жоспар бойынша 134 іс-шара уақытымен өткізілді. Жұмсалған қаражат демеушілік көмегімен 150 мың теңге құрады.
«Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында бекітілген 5 жобаның барлығы орындалды. Бүгінгі күнге дейін 99 іс-шара өткізілген. Қаражат бөлінбеген.
 «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы 2 жобадан және 22 іс-шарадан тұрады. 1 жоба демеушілер көмегімен - 1,2 млн. теңғе тартылып, 2 жобаға 1 млн. теңге жұмсалды. Атап айтсақ:
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында белгіленген міндеттерді Қапшағай қаласында жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мониторинг жүргізілді.
Жүргізілген мониторинг нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша келесі жұмыстар атқарылды:
1. Бекітілген штаб құрамының жобалық менеджмент негіздері бойынша оқытудан өткен, білікті, сертификатталған мамандар жоқ. Алайда облыстық Рухани Жаңғыру орталығы тарапынан өткізілетін оқытуларға келісім бойынша Қапшағай қаласынан тиісті мамандар оқуға жолданылады.
2. Бекітілген жоспарға сәйкес жалпы орта білім беру мекемелер арасында тиісті түсініктеме жұмыстары жүргізіліп, жоспарға сәйкес өткізілетін шаралар жүйеге келтірілді.
3. Рухани Жаңғыру аясындағы белгіленген 4 бағыт бойынша жауапты мамандар мен қаржыландыру көздері енгізілді.
4. Атамекен кіші бағдарламасы бойынша жобалардың төлқұжаттары (паспорттары) түгенделіп, толықтырылды.
5. Қала әкімінің ресми интернет-ресурсында арнайы «Рухани Жаңғыру» рубрикасы ашылды (http://www.kapshagay-gov.kz/kaz/ruhani/ruhani.php).
Сонымен қатар, қала әкімдігінен ішкі саясат кабинетінде «Рухани Жаңғыру» бұрыштамасы ашылды. Бағдарлама бойынша мониторинг кестесі мен 10 айлық есеп кестелері орталыққа жолданылды. «100 жаңа есім» бойынша Қапшағай қаласынан – Мақпал Тәжмағамбетова ұсынылған. «100 жаңа есім» сайты арқылы Алматы облысынан ұсынылған кандидаттарға дауыс беру жұмыстары әлеуметтік желілер, БАҚ, хаттар жолдау арқылы жүзеге асырылып, аяқталды.
Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығымен мақаланың кіші бағдарламасы бойынша Қапшағай қаласының жауапты мамандары әрдайым хабарласып туындаған мәселерінің шешімдерін табады.

 

«Қапшағай қаласының ішкі
 саясат бөлімі» ММ-нің басшысы                                      С. Мұсағитов

 

 

                                                                                                   


Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .