Kapshagay.gov.kz

Жолдауды қолдаймыз!

Главная


 

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауы әр адамның мамандығы мен жасына қармастан өмірін жақсартуға арналған. Елімізде жүргізіліп жатқан негізгі бағыттардың бірі білім жүйесінің трансформациясы болып  табылады.  Қазір мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың балаларын алыстан бақылап көруге мүмкіндік беретін бейнебақылау жүйесі енгізіліп жатыр. Елбасының жолдаудағы барлық мектепке дейінгі ұйымдарда бейнебақылаумен қамтамасыз ету туралы тапсырмасы мектеп жасындағы балалардың тәрбие ісіндегі педагогикалық емес әрекеттерді азайтады. Сонымен қатар педагогтердің құзыреттілігі мен мәртебесін арттыру туралы мәселелер де қарастырылады.
Біздің ойымызша, ең маңызды міндет ол мектепке дейінгі білімнің парадигмасының өзгеруі. Енді балалар бақшасы кішкентай қазақстандықтардың алдағы өміріне қажетті креативті ойлау, коммуникативті, сыни ойлау дағдыларын дамыту үшін бар мүмкіндіктерін пайдаланады.
Жолдауда айтылған «Педагогтардың мәртебесі» туралы заң қабылданатыны білім беру саласының тыныс-тіршілігіне бейжай қарай алмайтындарды бір серпілтіп тастады.
Қапшағай қаласының білім беру ұйымдарының ұжымдары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауын қолдайды. Біз алға қарай жылжимыз, біз мақсаты анық дұрыс жолда тұрмыз. Жаңа Жолдау бәрімізге үлкен серпіліс береді.

 



"Қапшағай қалаcының білім бөлiмi ММ"


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .